Қазақстан құрамасының футболшысы допингпен ұсталды

Қазақстан құрамасы мен "Ақсу" клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг пайдаланғаны үшін үш жылға футболдан шеттетілді., - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Sputnik Қазақстан"-ға сілтеме жасап. Футболшы Ұлттар лигасы аясында Молдовамен болған ойынға дейін допинг тест тапсырған. Сынама оң нәтиже көрсетті. Артынан спортшы Б тестін де тапсырған. Ол да оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін Әбікенге үш жылға ресми ойындарда өнер көрсетуге тыйым салынды. Айта кетері, осымен Қазақстан құрамасының үшінші ойыншысы допингпен ұсталып, дисквалифицияға ұшырап отыр. 2019 жылы Бауыржан Исламхан екі жылға футболдан шеттетілсе, 2021 жылы Руслан Валиуллиннің сынамасы оң нәтиже көрсетті. Тектес:
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 17
-
-
- Қыркүйек, 16
-
-
-
- Қыркүйек, 15
-
-
-
-
- Қыркүйек, 12
-
-
-
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
18 қыркүйек 2025
18 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар