Тоқаев шахматшы Малика Зиядинді құттықтады: Бұрын-соңды болмаған жетістік

alashainasy.kz

Тоқаев шахматшы Малика Зиядинді құттықтады: Бұрын-соңды болмаған жетістік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жас әлем чемпионы Малика Зиядинге құттықтау хатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев ФИДЕ-нің ең жас чемпионы атанған Малика Зиядинді құттықтады.

"Жеті жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасында өткен сайыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, екі бірдей атақты иеленуің – Қазақстанның шахмат тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. Сен тума талантың мен жеңіске деген ерік-жігеріңнің арқасында осындай биік белесті бағындырдың. Өзің ізін басып келе жатқан қазақстандық шахмат шеберлерінің даңқты жолын лайықты жалғастыратыныңа кәміл сенемін", - деп жазылған Президенттің құттықтау хатында. Мемлекет басшысы Малика Зиядиннің әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестік білдірді.

Tengrinews.kz

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2022