Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан плей-офф сатысына шықты

alashainasy.kz

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан плей-офф сатысына шықты

Су добынан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы плей-офф сатысына жолдама алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

Жарыс Венгрия астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионаты аясында сұйымдастырылуда.

Еліміздің әйелдер құрамасы D тобында Австралия, Жаңа Зеландия және Бразилиямен шеберлік байқасты.

Қазақстандық ватерполшылар Австралиядан 6:19, Жаңа Залендиядан 11:15 есебімен жеңілді.

Ал Бразилияны 10:6 есебімен тізе бүктірді. https://lenta.inform.kz/kz/su-dobynan-alem-chempionatynda-kazakstan-braziliyadan-basym-tusti_a3947428

Осылайша олар өз тобында үшінші орын алып, плей-офф сатысына жолдама алды.

Қазақстандықтар енді 26 маусымда плей-офф сатысында Грекиямен күш сынасады.

Әлем чемпионаты 2 шілдеде мәресіне жетеді.

Ел құрамасы бұған дейін әлем чемпионатына 10 мәрте қатысты. 1998 жылы сегізінші орынға табан тіреп, ол әзірге өз тарихында жоғары жетістік саналып отыр.

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2022