Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісті (видео)

alashainasy.kz

Қанат Ислам мансабындағы алғашқы жеңілісінен кейін АҚШ-та жаттығу жұмыстарына кірісті (видео)

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам шаршы алаңға оралу үшін жаттығу жұмыстарын бастады. Sports.kzұсынған ақпаратқа сәйкес, 37 жастағы спортшы АҚШ-қа келіп, Окснард қаласында (Калифорния штаты) жаттығу жұмыстарына кіріскен.

Қанат Исламның дайындықты бастағаны туралы видеоны оның тәлімгері Роджер Ромо Instagram парақшасында жариялады. Кадрдан боксшының бапкермен бірге рингте жаттығу жасап жатқанын байқауға болады. Дегенмен Қанат Исламның әзірге шаршы алаңға қашан шығатыны және кіммен жұдырықтасатыны белгісіз. Еске сала кетейік, биылғы жылдың ақпан айында АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өткен кездесуде Қанат Ислам ұлыбританиялық Джимми Келлимен кездескен болатын. Екі боксшы орта салмақтағы WBO Global ваканттық атағына таласты. Жекпе-жекте Қанат Ислам қарсыласына есе жіберді. Бұл - боксшының мансабындағы алғашқы жеңілісі. Тағы да оқыңыздар: https://kaz.nur.kz/sport/1976346-qanat-islam-mansabyndagy-algasqy-zenilisinen-keiin-aqs-ta-zattygu-zumystaryna-kiristi-video/

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 тамыз 2022