Лука Модрич "Алтын допты" кімге беру керектігін айтты

alashainasy.kz

Лука Модрич Алтын допты кімге беру керектігін айтты

"Реал" жартылай қорғаушысы Лука Модрич "Алтын допты" кімге беру керектігін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Хорватиялықтың пікірінше "Алтын доп" оның командаласы Кәрім Бенземаға бұйыру керек.

"Бенземаның аты Бензема. Мен өмірімде бірге ойнаған ең үздік футболшылардың бірі. Соңғы маусымдағы жетістігінен кейін міндетті түрде "Алтын допты" алуы тиіс. Мен үшін Бензема бұрыннан сол титулға лайық еді. Онымен бірге алғашқы жаттығу жасағаннан бастап қандай адаме екенін жақсы білемін. Бензема өз-өзін аша білген нағыз талантты ойыншы. Былтыр бүкіл әлем болып оны сынағанда ол сынбай мықты екенін дәлелдеді. Енді ол барша жанкүйердің сүйікті ойыншысына айналды", - дейді Модрич.

Еске салайық, Бензема 2009-жылдан бері "бланкос" сапында доп теуіп келеді. Ал Модрич "корольдік" клубқа 2012-жылы "Тоттенхэмнен" ауысып келді.

Тектес:

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 тамыз 2022