Шахматтан әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Сербияда өткен турнирде жүлделі болды
Бұл туралы шахматшы Instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді. «Олимпиаданың алдында турнирде бойымды қыздырдым. «Сербия опен», Шеберлер турнирі, әйелдер арасында 3-орын, рейтингім жоғарылайды! Ал енді менің сүйікті жаттықтырушыларыма мықты жиындар кезегі. Рахмет, құрметті жанкүйерлер!», — деп жазды шахматшы. Сондай-ақ, ол барша қазақстандықтарды Елорда күнімен құтттықтап өтті. Бұған дейін Ассаубаева Сербияның Нови-Сад қаласында өтетін турнирде жүргенін айтып, Сербияны отызыншы ел тізіміне қосқан еді. Еске салсақ, Асаубаева Қазақстан шахмат федерациясының президенті Ғалым Құсайынов пен оның орынбасары Дәрмен Сәдуақасовтың ұйымға ақша сұрату үшін спортшыларды Президент Әкімшілігіне алып келгенін айтып, мәлімдеме жасаған еді. Ол чемпиондардан «қайыршы» жасауға тырысатын адамдардың әрекетінен ұялатынын жеткізген. Алайда бұл ақпаратты Шахмат федерациясы жоққа шығарған.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
25 тамыз 2026
25 тамыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар