Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші рет жеңіліс тапты

alashainasy.kz

Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші рет жеңіліс тапты

Қазақстан әйелдер құрамасы Үндістанда өтіп жатқан Шахмат олимпиадасында Әзербайжанға есе жіберді. Бұл - қазақстандық шахматшылардың аталған сайыстағы алғашқы жеңілісі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Спорт Шредингера» тelegram -каналының хабарлауынша, әйелдер құрамасы Әзербайжан командасынан 1:3 есебімен ұтылған. Ал, Жансая Әбдімәлік пен Бибісара Асаубаева қарсыластарымен тең түссе, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нахбаева жеңіліс тапты. Осылайша, әйелдер құрамасының еншісінде 4 жеңіс, 1 тең ойын және 1 жеңіліс бар. Бұл көрсеткішпен қазақстандық команда Үндістандағы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының турнир кестесінде 6-орыннан 14-орынға сырғыды. Ертең - спротшылар үшін демалыс күні. Кейін 5 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы Вьетнаммен ойнайды. Еске салсақ, кеше Шахмат олимпиадасында Қазақстан ерлер құрамасы Чехияны 2,5:1,5 есебімен ұтқанын жазып едік. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024