Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

alashainasy.kz

Мария Агапованың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық файтер Мария Агапованың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Отандасымыз келесі кездесуін 18 қыркүйек күні UFC Vegas 60 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы канадалық Джиллиан Робертсон болады. Негізі Агапова 31 шілде күні Далласта өтетін UFC 277 турнирде кореялық Джи Йон Киммен кездесуі керек еді. Бірақ қазақстандық жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына Киммен Джозелин Эдвардс кездесетін болды. Айта кетейік, Агапова соңғы кездесуін украиналық Марина Морозға қарсы өткізіп, сабмишн әдісімен жеңіліп қалды. Жалпы ол аралас жекпе-жекте он кездесуде жеңіске жетсе, үш мәрте жеңілген. Джиллиан Робертсон болса соңғы кездесу 13 наурыз күні UFC Fight Night 203 турнирінде өткізіп, Джей-Джей Олдричтен төрешілердің шешімі бойынша ұтылды. Робертсонның еншісінде 10 жеңіс және 7 жеңіліс бар. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024