Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Конференция лигасында Қызылжар АПОЭЛ командасынан жеңілді

ktk.kz

Футболдан Конференция лигасында Қызылжар АПОЭЛ командасынан жеңілді

Қазақстандық клуб сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен кездесті. Аталған ұжым еурокубок ойындарына біраз жылдан бері қатысып келеді. Чемпиондар лигасы және Еуропа лигасы топтық кезеңдерінде азулы қарсыластарымен сынға түскен. Сондықтан «Қызылжар» үшін аталған кездесу оңай соқпағаны белгілі еді. Алғашқы минуттан АПОЭЛ ойын тзігінін қолға ұстады. Шабуыл шебінде көбірек бой көрсетті. Петропавлдық клуб футболшылары негізінен қорғанысқа көңіл бөлді. Соған қарамастан кипрлік команда сапынан Георгиос Эфрем 27-минутта «Қызылжар» қақпасына гол соғып кетті. Бұдан кейін АПОЭЛ гол соғатын бірнеше мүмкіндігін құр жіберіп алды. Екінші кезеңде кипрлік команда есепті ұлғайту жолын қарастырды. Алайда таблодағы есеп өзгерген жоқ. «Қызылжар» қарсыласына 0:1 есебімен жол берді. Енді қарымта кездесу 11 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Айта кетсек, бүгін тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Босния және Герцоговинаның «Зриньски» клубымен ойнайды. Кездесу елорда уақытымен 01:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024