Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Арсенал" маусымды жеңіспен бастады

alashainasy.kz

Арсенал маусымды жеңіспен бастады

Англия чемпионатының бірінші турында "Арсенал" қонақта "Кристал Пэласты" ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. "Селхерст Парктегі" матчта "канонирлер" сапында Габриэль Мартинелли 20 минутта есеп ашса, екінші таймның соңына қарай алаң иелерінен қорғаушы Марк Гехи автогол авторы атанды. Осы жеңісінің арқасында Микель Артета жаттықтыратын Лондонның командасы турнир кестесінде жеке-дара көш басына шықты. Бірінші тур матчтары тамыз айының 6, 7 күндері өтеді. Атап айтқанда 6 тамызда "Фулхэм" - "Ливерпуль", "Тоттенхэм" - "Саутгемптон", "Ньюкасл" - "Ноттингем Форрест", "Лидс" - "Вулверхэмптон", "Борнмут" - "Астон Вилла", "Эвертон" - "Челси", 7 тамызда "Манчестер Юнайтед" - "Брайтон", "Лестер" - "Брентфорд" және "Вест Хэм" - "Манчестер Сити" кездеседі. Еске салайық, өткен маусымда "Манчестер Сити" өз тарихында сегізінші рет Англия чемпионы атанды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024