Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Еліміз Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

alashainasy.kz

Еліміз Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында үздік үштікке енді

Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үшінші орынға көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Құрама тоғызыншы турда Болгарияны 3:1 есебімен жеңгеннен кейін үшінші орынға шыққан. Жансая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нахбаева жеңіске жетсе, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева тең түсті. Қазір командада жеті жеңіс бар. Бұған дейін қазақстандық әйелдер құрамасы турнир кестесінде алтыншы орында еді. Ерлер құрамасы Сербиядан жеңілді - 1:3. Мұртас Қажғалеев пен Арыстанбек Оразаев тең түссе, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңілді. Қазақстан үшін бұл қатарынан екінші және турнирдегі үшінші жеңілісі. Кездесу алдында қазақ шахматшылары 12-орында болды. Қазір олар 25-орынға түсіп қалды. Тоғызыншы турдан кейін әйелдер құрамасы арасында турнирлік кестеде бірінші орында Польша, ал Үндістан екінші орында. Ерлер құрамасы арасында біріншілік Өзбекстанға тиесілі болса, Үндістан екінші, Армения үшінші орында. 8 тамызда Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада қожайындары - Үндістанмен ойнайды. Ерлер құрамасы 27-орындағы Хорватиямен ойнайды. Tengrinews.kz. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024