Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Барселона" Мессиді қайтарып алу үшін келіссөз бастады

alashainasy.kz

Барселона Мессиді қайтарып алу үшін келіссөз бастады

"Барселона" президенті Жоан Лапорта ПСЖ сапында өнер көрсетіп жүрген 35 жастағы аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді қайтарып алуға мықтап бекінді. Бұл туралы испаниялық журналис Хави Кампоса жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Қазіргі уақытта Лапорта аргентиналық футболшының жақындарымен келіссөз өткізіп, Мессиді 2023 жылы "Барселонаға" қайтарып алмақшы. Президент Месси ПСЖ командасымен келісімшартты бұзып, "Барселонаға" бір не екі жылға келуін қарастыруда. Месси "Барселонадан" 2021 жылдың жазында кеткен болатын. Шабуылшы каталониялық команда сапында 520 кездесу өткізіп, 474 гол соғып, 216 нәтижелі пас берді. Бұл командамен ол 35 мәрте жүлде жеңіп, жеті мәрте "Алын доп" иегері атанды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024