Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

UFC 20 жеңісі бар ресейлікті ұйымнан қуды

alashainasy.kz

UFC 20 жеңісі бар ресейлікті ұйымнан қуды

UFC үш файтерді ұйымнан қуып жіберген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бұл туралы vRINGe.com порталы жазды. Қуылған спортшылар ресейлік Рамазан Эмеев, бразилиялық Алан Патрик және америкалық Данни Чавес. 35 жастағы Рамазан Эмеев UFC ұйымында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол промоушендегі алғашқы үш кездесуінде жеңіске жеткен. Кейін Энтони Рокко Мартиннен жеңілген. Кейін Рамазанның тағы екі кездесуде мерейі үстем болды. Бірақ, 2021 және 2022 жылы ол қатарынан екі рет ұтылды. Соңғы жекпе-жегін ресейлік маусымда UFC 275 турнирінде өткізіп, Джек Делла Маддаленнен жеңіліс тапты. Оның қазіргі UFC ұйымындағы рекорды - 5:3. Жалпы ол аралас жекпе-жекте 26 айқас өткізіп, 20 кездесуде жеңіс тойын тойласа, 6 жекпе-жекте есе жіберген. 39 жастағы Паркер болса 2018 жылдан бері жеңіске жетіп көрген жоқ. Сол уақыттан бері жеңіл салмақта өнер көрсететін файтер үш айқасында жеңілсе, бір рет кездесуі өтпеген болып тіркелді. Аланның рекорды 5:4. Чавес 2020 жылы соңғы рет жеңіске жеткен. Содан соң екі рет ұтылып, бір кездесуде тең түскен. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024