Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Әжетханада жарақат алған". UFC файтері жекпе-жегіне шыға алмайтын болды

alashainasy.kz

Әжетханада жарақат алған. UFC файтері жекпе-жегіне шыға алмайтын болды

32 жастағы америкалық Кристос Гиагос (19-10) үйін жинап жатқан кезде алған жарақытына байланысты Францияда өтетін UFC Fight Night турниріне қатыса алмайтын болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Ол франциялық Бенуа Сент-Денимен (9-1) кездесуі керек болатын. "Мен үй жинастырып жатқанмын. Дәретхана жинап жатқан кезде тайып кеттім. Сөйтіп, саусағымды тіліп алдым. Өкінішке қарай, осы жарақатыма байланысты Париждегі жекпе-жектен бас тартуға тура келді. Жарақатым ауыр болмайды деп үміттенген ем. Бүгін дәрігерге бардым. Операция жасатуға тура келді. Енді басты мақсатым - тезірек жаттығуға кірісу", - деді файтер. Айта кетейік, Гиагос осыған дейінгі екі кездесуінде жеңіліп қалған. Соңғы айқасын ол 25 маусым күні Лас-Вегаста UFC on ESPN турнирінде өткізіп, Тиаго Мойзестен (16-6) сабмишнмен ұтылды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024