Михаил Кукушкин Чикаго турнирінің екінші айналымына өтті
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, М. Кукушкин бастапқы кездесуін америкалық Говинда Нандамен өткізді. Қазақстандық теннисші екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. М. Кукушкин ширек финалға шығу үшін хорватиялық Борн Гойомен таласады. Ол әлемнің 102-ші, жарыстың 1-ракеткасы, швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтып кетті. Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко Чикагода америкалық Бен Шелтонға жол берді – 0:6, 6:7 (5:7). Тимофей Скатов Сан-Марино челленджер жарысында италиялық Александр Вайстан ұтылып қалды – 3:6, 1:6. Торонто мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажарстандық Анна Бондарь – бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- Соңғы
- Танымал
- Желтоқсан, 12
-
-
-
-
- Желтоқсан, 11
-
-
-
-
- Желтоқсан, 09
-
-
-
-
- Желтоқсан, 08
-
-
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
14 желтоқсан 2025
14 желтоқсан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар