Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ислам ынтымақтастық ойындарында тағы бір спортшымыз алтын медаль жеңіп алды

alashainasy.kz

Ислам ынтымақтастық ойындарында тағы бір спортшымыз алтын медаль жеңіп алды

Финалда Аделаида Пчелинцева 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты. Тағы бір спортшымыз Аделаида Пчелинцеваның Түркияда өтіп жатқан Ислам ойындарында алтын медаль жеңіп алғаны белгілі болды. 50 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша Павлодар облысының 23 жастағы тумасы жеңіске жетті. Финалда қазақстандық 31,71 секунд уақытта мәреге жетіп, жаңа турнир рекордын орнатты. Аделаида Пчелинцева - 50 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзу бойынша бұған дейін де рекорд орнатқан. 2018 жылы ол бұл қашықтықты 31,55 секундта бағындырды. Бесінші Ислам ынтымақтастығы ойындары 2022 жылы 9-19 тамыз аралығында Түркияның Конья қаласында өтуде. 24 спорт түрінен бойынша жарысқа 56 елден төрт мыңнан астам спортшы қатысуда. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024