Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Исламиадада қазақстандық спортшылар тағы екі жүлде алды

inform.kz

Исламиадада қазақстандық спортшылар тағы екі жүлде алды

Ел құрамасынан ауыр атлет Артем Антропов 102 келі салмақта екінші орын алды. Ал дзюдошы Қанат Сейілхан (60 келі) қола жүлдегер атанды. Еске салсақ, 15 тамызда ел құрамасынан Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде үздік нәтижеге қол жеткізді. Көрсеткіші - 53,20 секунд. Ал София Әбубәкірова 50 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде 27,17 секунд көрсеткішпен мәреге қарсыластарынан озып келді. Ислам ынтымақтастығы ойындары 2005 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл бесінші мәрте жалауын желбіретті. Биылғы додаға 55 елден спортшылар келді. Ойындар 8 тамызда басталған, 18 тамызда аяқталады.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024