Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қол күрестен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңген жігітке сыйлыққа пәтер берілді

alashainasy.kz

Қол күрестен әлемнің 26 дүркін чемпионын жеңген жігітке сыйлыққа пәтер берілді

Шардаралық Қыдырғали Оңғарбаевқа армрестлингтен 26 дүркін әлем чемпионы Джон Брзенкті жеңген соң екі бөлмелі пәтер сыйлады. Бұл туралы ол Otyrar арнасына айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. "Пәтерді менің ұстазым және жаттықтырушым, Түркістан облысының гир спорты мен армрестлинг федерациясының президенті Арман Қарсыбаев "Шардара Армспорт" ұжымымен бірге сыйлады", – дейді спортшы. "Үйімде ең кішкентай баламын, әзірге пәтерді не істейтінімді шешкен жоқпын. Әйелім және қызым бар, барлығымыз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Пәтерді не істейтінімді бірге ақылдасып шешетін боламын. Бірақ сыйлыққа пәтер алғанда қатты таңқалдым, мұндайды күтпедім. Ата-анам мен туыстарым да таңданып, мені құттықтады", – деп қосты Оңғарбаев. Еске салайық, Қазақстандық спортшы-армрестлер Қыдырғали Оңғарбаев халықаралық East vs West турнирінде әлемнің 26 дүркін чемпионы, армрестлинг аңызына айналған Джон Брзенкті жеңген еді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024