Елена Рыбакина Цинциннатиде «Үлкен дулыға» турнирінің екі дүркін чемпионын ұтты

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 9-ракеткасы, «Үлкен дулыға» жарыстарының (Ролан Гаррос - 2016, Уимблдон - 2017) екі дүркін чемпионы, испаниялық Гарбинье Мугурусамен шеберлік байқасты. Қарсыластар осыған дейін екі рет кездесіп, бір-бірден жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Уимблдон додасының биылғы жеңімпазы Е.Рыбакина бірінші партияда 5:1 есебімен алға кетті. Г.Мугуруса бір брейк жасағанымен, Елена сетті өз пайдасына шешті - 6:3. Екінші партияда да Рыбакина 3:1 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк - 4:1. Ақыры матчты тағы бір брейкпен тәмамдады - 6:1. Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, америкалық Элисон Рискемен кортқа шығады. Жуырда дәл осындай Торонто турнирінде Э.Рискені Юлия Путинцева ұтқан еді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дэвис кубогінде Қазақстанмен ойнайтын командалардың құрамы анықталғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Қазақстанда алғаш рет мүгедек арбасындағы теннистен ел чемпионаты өтеді.
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 30
-
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
- Маусым, 26
-
-
-
- Маусым, 25
-
-
-
- Маусым, 24
-
-
-
- Маусым, 23
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
1 шілде 2025
1 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар