Қазақстандық жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына кірді
Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткен жаңартылған рейтингте жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалды. Юлия Путинцева 38-ден 39-ға, Зарина Дияс 241-ден 266-ға төмендеді. Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастаса, эстониялық Анетт Контавейт екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші орында келеді. Жұптық сында Анна Данилина 21-ден 20-сатыға көтерілсе, Елена Рыбакина 91-ден 108-орынға сырғыды. Ю.Путинцева бүгін Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінде алғашқы кездесуін рейтингте 67-сатыдағы поляк қызы Магда Линетпен өткізеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің халықаралық турнирлерде үздік шыққанын жазған болатынбыз. Фото: stan.kz
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 қаңтар 2026
15 қаңтар 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар