Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ ашық чемпионаты: Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды

inform.kz

АҚШ ашық чемпионаты: Юлия Путинцева жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 108-ракеткасы, германиялық Юле Нимайермен шеберлік байқасты. Германия спортшысы 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 25 минутқа созылған кездесуде Нимайер 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Путинцева 2 эйс, 1 брейкпен шектелді. Ю.Нимайер үшінші айналымда ресейлік Анастасия Потапова немесе қытайлық Синвэнь Женнің біреуімен кортқа шығады. Осылайша, АҚШ ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан теннисшілерінің АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына өткенін жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қараша 2025

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар