Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан тобында ширек финалға шыққан командалар анықталды

inform.kz

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан тобында ширек финалға шыққан командалар анықталды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Нидерланд құрамасы Ұлыбританияны 2:1 есебімен ұтып, командалық әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды. Бұл матчта Нидерландқа шешуші ұпайды жұптық бәсекеде Весли Колхоф пен Матве Мидделкоп әперді. Олар ұлыбританиялықтар Энди Маррей – Джо Солсбериді жеңді – 7:6 (7:0), 6:7 (6:8), 6:3. Осыған дейін нидерландылықтар Қазақстан құрамасынан басым түскен болатын. Ал АҚШ Қазақстан мен Ұлыбританиядан айласын асырған еді. Сөйтіп, 18 қыркүйек күні өтетін Қазақстан – Ұлыбритания матчының нәтижесіне қарамастан, америкалықтар мен нидерландылықтар ширек финалға жолдама алды. Бүгін олардың өзара бәсекесінде D тобында қай команданың бірінші орын алатыны белгілі болады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Словениядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ қазақстандық жасөспірімдер теннистен Азия біріншілігінің финалына шықты. Қазақстандық теннисші Ыстанбұл турнирінде табысты өнер көрсетті.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар