Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бибісара Асаубаева Астанада өткен Гран-приде ең танымал шахматшыны ұтты

alashainasy.kz

Бибісара Асаубаева Астанада өткен Гран-приде ең танымал шахматшыны ұтты

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women Grand Prix 2022-нің екінші айналымында әйелдер арасындағы 12-әлем чемпионы, атақты Александра Костенюкті жеңді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. Әйгілі шахматшыдан басым түсуі Бибісара Асаубаеваға турнир кестесінде көшбасшылар қатарына кіруге мүмкіндік берді. Қазірше оның қоржынында 1,5 ұпай бар. Басқа үш қатысушының да ұпай саны осы шамалас. Бибісара үшінші орында. Ол тек рейтингтік коэффициенттер бойынша Александра Горячкина (Ресей) мен Алина Кашлинскаядан (Польша) кейін тұр. Тағы бір қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік екінші айналымда Қытайдың құрметті шахматшысы, әйелдер арасындағы 16-әлем чемпионы Тань Чжунъимен тең ойнады. Бір ұпай жинаған Жансая бесіншіден тоғызыншы орындарға жайғасқан турнир қатысушыларының тізіміне енді. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024