WBA Головкиннің келесі қарсыласын белгіледі

ktk.kz

WBA Головкиннің келесі қарсыласын белгіледі

Тараптарға келіссөзге 30 күн берілді – 2022 жылдың 23 қыркүйегінен 23 қазанына дейін. Головкин - Лара жекпе-жегі орта дивизиондағы жалғыз WBA әлем чемпионын анықтайды. Бұған дейін WBA Геннадийге екінші орта салмаққа өтіп, Сауль «Канело» Альвареспен осы санаттағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін таласуға арнайы рұқсат берген болатын. Бірақ, ол орта салмаққа қайта оралып, Ларамен кездесуі тиіс деген шарт қойды. GGG — «Канело» III жекпе-жегі 18 қыркүйекте өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Егер белгіленген мерзімде Головкин мен Лара жекпе-жек туралы келісе алмаса, GGG пайдасына 75%-дан 25%-ға дейінгі арақатынаста кірістерді бөле отырып, промоутерлік сауда-саттық тағайындалады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
7 желтоқсан 2022