Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды

inform.kz

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңіліп қалды

Алғашқы кездесуінде қазақстандық волейболшылар АҚШ құрамасымен шеберлік байқасты. Алғашқы сетте олар қарсыласына 16:25 есебімен жол берсе, екінші сетте тағы да 13:25 есебімен жол берді. Шешуші үшінші сетте де 12:25 есебімен жеңілістің ащы дәмін татты. Осылайша ел құрамасы қарсыласына 0:3 есебімен жеңілді. Қазақстандық волейболшылар С тобында сынға түсетіні белгілі. Қарсыластары – АҚШ, Сербия, Германия, Болгария және Канада. Ұлттық құрама енді 26 қыркүйекте Германиямен кездеседі. Қазақстандық волейболшылар әлем чемпионаты финалдық сатысында бесінші мәрте бақ сынап отыр. Бұдан бұрын жалпы командалық есепте 2018 жылы – 17, 2010 жылы – 21, 2014 жылы – 15, 2018 жылы – 24-орынға жайғасқан болатын. Дүбірлі дода Нидерланд және Польша мемлекеттерінде 23 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама қатысып, төрт топта бақ сынайды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024