Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Португалия мен Испания соңғы минуттарда жеңімпазды анықтады

alashainasy.kz

Португалия мен Испания соңғы минуттарда жеңімпазды анықтады

Футболдан Испания құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңінің алтыншы турында Протугалияны ұтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. А дивизионының 2-тобындағы кездесу Брага қаласында өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші голды 88-минутта алаң қонақтары сапынан Альваро Мората салды. Квартеттегі өзге матчте Швецария командасы Чехиядан басым түсті - 2:1. Осылайша, Испания 11 ұпаймен топта бірінші орынға шығып, плей-офф кезеңге өтті. Одан кейін Португалия (10), Швейцария (9) және Чехия (4). Айта кетейік, бұл жеңіліске қапа болған Криштиану Роналду алаңнан кетіп бара жатып, капитандық белгіні қолынан шешіп, жерге тастай салды. Осылайша, ол 2021 жылы ӘЧ-ге іріктеудің Сербиямен матчінде (2:2) жасаған әрекетін қайталап отыр. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024