Қазақстанның бірінші ракеткасы ATP рейтингінде үздік 40 спортшының қатарына енді
Ең мықты үштік өзгеріссіз қалды. Бірінші орында — испан теннисшісі Карлос Алькарас, екінші орында - оның жерлесі Рафаэль Надаль, норвегиялық Каспер Рууд үздік үштікті түйіндеп тұр. Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик бес сатыға көтеріліп, 38-ші орынға тұрақтады. Тимофей Скатов алты сатыға төмен түсіп, тізімде 158-орынға жайғасты. Жұптық сайыста америкалық Раджиев Рам көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарда британдық Джо Сэлисбери мен Нидерланды теннисшісі Уэсли Кулхоф тұр. Қазақстандық Андрей Голубев 52-орыннан 54-орынға сырғыса, Александр Недовесов бір сатыға жоғары көтеріліп, 61-орынға жайғасты. Фото: ktf.kz
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
15 наурыз 2026
15 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар