Қазақстандық теннисші Мексикада сенсация жасады
Қазақстандық Анна Данилина Гвадалахарада (Мексика) өтіп жатқан әйелдер арасындағы жұптық турнирдің финалына шықты, – деп хабарлайды Vesti.kz. Жартылай финалдық кездесуде ол бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге әйелдер жұптарының көшбасшылары – чех дуэті Барбора Крейчикова / Катерина Синякованы – 6:2, 5:7, 10:7 есебімен ұтты. Олардың финалдағы қарсыластары әлі анықталмаған. Осы жеңісінің арқасында Данилина 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында өтетін соңғы WTA турнирінде өнер көрсететін болды. Ол осы жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін Ярослава Шведова финалдық турнирге жолдама алған болатын.
- Соңғы
- Қаңтар, 02
-
-
-
- Желтоқсан, 31
-
-
-
-
- Желтоқсан, 30
-
-
-
-
- Желтоқсан, 29
-
-
-
-
- Желтоқсан, 26
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 наурыз 2026
3 наурыз 2026
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар