Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Барселона» ширек финалға шыға алмады

ktk.kz

Футболдан Чемпиондар лигасы: «Барселона» ширек финалға шыға алмады

26 қазанда А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасты. Аталған турнирде С тобындағы Испанияның «Барселона» командасы сәтсіз ойын өткізді. Олар ширек финалға шығу мүмкіндігінен айрылды. Бес кездесуде небәрі бір мәрте жеңіске жетті. Бесінші турда испаниялық клуб өз алаңында Германияның «Бавария» клубына 0:3 есебімен жол берді. D тобында ширек финалға берілетін екі жолдама тағдыры алтыншы турда шешіледі. Өйткені, одан төрт команданың да үміті бар. Аталған турдағы барлық ойын нәтижелері төмендегіше: А тобы: «Наполи» (Италия) - «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) 3:0, «Аякс» (Нидерланды) - «Ливерпуль» (Англия) 0:3 В тобы: «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Байер» (Германия) 2:2, «Брюгге» (Бельгия) - «Порту» (Португалия) 0:4 С тобы: «Интер» (Италия) - «Виктория Пльзень» (Чехия) 4:0, «Барселона» (Испания) - «Бавария» (Германия) 0:3 D тобы: «Тотттенхэм Хотспурс» (Англия) - «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1, «Айнтрахт» (Германия) - «Олимпик» (Франция) 2:1. Енді алтыншы тур ойындары 1 және 2 қараша күндері өтеді. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
6 маусым 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар