Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандық жас теннисші Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанды

inform.kz

Қазақстандық жас теннисші Грекиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Жантөре кипрлік Михаэл Гинетлумен бірге жұптық сында финалда намибиялық Исраэл Дове - грекиялық Рафаэль Пагонисті жеңді - 7:6, 6:3. Жекелей сында да финалға жеткен Ж.Санжарұлы соңғы бәсекеде аустриялық Морис Фрейтагқа жол берді - 1:6, 2:6. Тағы бір қазақстандық Ева Корышева Испанияда Рафаэль Надаль академиясында 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы осындай жарыста жұптық сында финалға дейін жетті. Ол Швейцария өкілі Луана Каппельмен бірге титул үшін бәсекеде аса тартысты матчта италиялық Костанца Рикон - аустралиялық Элен Хиршиге есе жіберді - 6:1, 3:6, 8:10. Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлерді жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 наурыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар