Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футбол: Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды

ktk.kz

Футбол: Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды

Сауд Арабиясының королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Аргентинаны жеңгенін тұрғындардың атап өтуі үшін сәрсенбіні демалыс деп жариялау туралы шешім қабылдады. Сауд Арабиясы С тобындағы алғашқы матчында Лионель Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Ал осы топтаға Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты. Осылайша, Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады. Олар 26 қараша күні Польшамен, 30-ында Мексикамен жасыл алаңға шығады. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024