Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футболдан әлем чемпионатында Германия алғашқы ойынын өткізеді

ktk.kz

Футболдан әлем чемпионатында Германия алғашқы ойынын өткізеді

Алғашқысы Германия және Жапония арасында болады. Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Германия құрамасы әлем чемпионатының финалдық сатысына 20 мәрте қатысқалы отыр. Бұған дейін 1954, 1974, 1990, 2014 жылдарда чемпион атанса, 1966, 1982, 1986, 2002 жылдарда күміс, 1934, 1970, 2006, 2010 жылдарда қола жүлдегер болды. Олардың қарсыласы - Жапония дүбірлі додада жетінші мәрте бақ сынайды. Олар 2002, 2010, 2018 жылдарда 1/8 финалға дейін жетті. Екі құрама үшінші мәрте шеберлік байқасады. Алғашқы екеуі жолдастық кездесу ретінде өткізілген. 2004 жылы Германия 3:0 есебімен жеңіске жетсе, 2006 жылы 2:2 есебімен тең тарқасты. Аталған топтағы тағы бір кездесуде Испания мен Коста-Рика шеберлік байқасады. Ойын елорда уақытымен 22:00-де басталып, оны «Qazaqstan» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалауға болады. Әлемдік футболда өзіндік орны бар Испания дүбірлі додаға 17 мәрте келді. Қазірге дейін 2010 жылы чемпиондық тұғырға көтерілді. Ал Коста-Рика футболшылары айтулы аламанға жетінші мәрте қадам басты. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 2014 жылы 1/4 финалға дейін жеткендігін айтуға болады. Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесті. Оның екеуінде испаниялық футболшылары басым түссе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды. Еске салсақ, С тобындағы Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан жеңілді. Сондай-ақ, D тобындағы Дания мен Тунис құрамалары тең тарқасты. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024