Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар 2022: Франция Аустралияны ірі есеппен жеңді

alashainasy.kz

Қатар 2022: Франция Аустралияны ірі есеппен жеңді

Франция құрамасы Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Әл-Вакра қаласының төріндегі "Әл-Джануб" стадионында Аустралиямен кездескен Дидье Дешам шәкірттері айқын басымдықпен жеңіске жетті. Есеп 4:1. Алдымен минутта Крейг Гудвин "жасыл құрлықтың" өкілдерін есепте алға шығарса, 27 минутта Адриен Рабьо таразы басын теңестірді. Ал Оливье Жиру араға 5 минут салып "три колорды" алға шығарды. Үзілістен кейін Килиан Мбаппе (68 минут) есепті еселесе, 71 минутта Оливье Жиру дубль авторы атанды. Осылайша Жиру құрама сапында өткізген 115 кездесуінде 51 голын соқты. Бұл көрсеткішпен "Милан" шабуылшысы Франция тарихындағы үздік сұрмерген Тьерри Анридің рекордын қайталады. Енді Франция келесі ойынын 26 қараша күні Даниямен кездеседі. Дәл сол күні Аустралия Тунис командасымен өзара мықтыны анықтайды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024