Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар-2022: Жапония Коста-Рикадан ұтылып қалды

alashainasy.kz

Қатар-2022: Жапония Коста-Рикадан ұтылып қалды

Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының Е тобында Коста-Рика Жапониядан басым түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. Алғашқы турда Жапония құрамасы Германияны 2:1 есебімен жеңсе, Коста-Рика Испанияға 0:7 есебімен ұтылды. Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Оның үшеуінде жапониялықтар жеңіске жетсе, бір кездесу тең нәтижемен аяқталды. Кездесу барысында жапониялық футболшылар белсенді қимыл көрсетті. Олар жеңіске жеткен жағдайда плей-офф сатысына жолдамаға қол жеткізетін еді. Осыны түсінген жапондықтар қарсыластар қақпасынан саңылау табуға тырысты. Дегенмен, олардың мүмкіндігі болған жоқ. Есесіне, ойынның 81-минутында коста-рикалық Кейшер Фуллер гол салып кетті. Осылайша, Коста-Рика қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Аталған топтағы Испания мен Германия кездесуі бүгін елорда уақытымен 1:00-де«Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ, бүгін F тобындағы Бельгия мен Марокко кездесуі 19:00-де «Qazsport», 22:00-де Хорватия мен Канада ойыны «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетсек, екінші турда С тобында Польша Сауд Арабиясын, Аргентина Мексиканы тізе бүктірді. Еске салсақ, D тобында екінші турда Франция құрамасы Даниядан басым түссе, Аустралия Тунисті жеңіп кетті. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024