Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қатар 2022: Хорватия Канаданы ірі есеппен ұтты

alashainasy.kz

Қатар 2022: Хорватия Канаданы ірі есеппен ұтты

F тобында Хорватия мен Канада құрамалары сынға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап. 2-минутта Альфонсо Дэвис Канаданы алға шығарды — 1:0. Бұдан кейін Златко Далич шәкірттері Канада қақпасына өршелене ұмтылды. 36-минутта сол қанаттан Иван Перишичтен пас алған Андрей Крамарич таразы басын теңестірді — 1:1. 44-минутта Йосип Юрановичтен доп алған Марко Ливая Хорватияны алға шығарды — 2:1. Андрей Крамарич 70-минутта И.Перишичтің пасын мүлтіксіз пайдаланып, есепті 3:1-ге жеткізді. Екінші таймда тыңнан қосылған Ловро Майер Канада қорғанысындағы өрескел қателіктен кейін 94-минутта ойын нүктесін қойды — 4:1. Осылайша, F тобында Хорватия 4 ұпай жинап, Марокконы қуып жетіп, доп айырмасымен көш бастады. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024