Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Португалия мен Уругвай матчын ЛГБТ, Украина және Иран әйелдерін қолдаушы жанкүйер үзді

azattyq.org

Португалия мен Уругвай матчын ЛГБТ, Украина және Иран әйелдерін қолдаушы  жанкүйер үзді

28 қарашада Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатындағы Португалия мен Уругвай ойыны жанкүйерлердің бірінің алаңға жүгіріп шығуына байланысты тоқтап, қайта жалғасты. Жанкүйердің қолында ЛГБТ-қауымдастығын қолдау белгісі саналатын жалауша болған. Үстіндегі футболкасының алдына "Украинаны құтқарыңдар", артына "Иран әйелдерін құрметтеңдер" деп жазып алған. Белсендіні күзет ұстаған.Жанкүйер алаңға матчтың 81-минутында шыққан. Бұл кезде Португалия 1:0 есебімен ұтып тұрған. Ойын жалғасқан соң Португалия тағы бір гол салды."Ойынға Иран төрешісі төрелік етті" деп хабарлайды The Atletic.Катар әлем чемпионаты кезінде ЛГБТ-қауымдастығын қолдайтын кез келген белгіге тыйым салған. Мұны Еуропа елдері құрамаларының көптеген ойыншылары жөнсіз деп санап, білектеріне One Love деген жазу іліп шықпақ болған. Алайда ФИФА бұл әрекет әлем чемпионатын өткізіп отырған елді құрметтемеу болып саналатынын, олай жасайтын болса командаға санкция салынатынын мәлімдеген.Ирандағы наразылық биыл қыркүйекте әйел құқығын қорғаушы, саны жағынан аз күрдтерден шыққан 22 жастағы Махса Әминидің өлімінен кейін басталған. Әминиді Иранның әдеп полициясы "шариғатқа сай киінбеді" деп ұстап, бірнеше күннен соң ауруханаға апарған. Махса Әмини ауруханада қайтыс болған. Наразылыққа шыққандар оны полиция ұрып өлтірген деп санайды.Иранның футболдан құрама командасы Англиямен өткізген алғашқы ойынында жаппай наразылыққа шыққандарды қолдау ретінде Иран әнұранын айтудан бас тартқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024