Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

almaty-akshamy.kz

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден озды. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. – Бүгін ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған "Түркістан жыланы" небәрі 78 жаста еді, – делінген хабарламада. Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.). Ол 1972 жылы Мюнхенде Олимпиада чемпионы атанды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2024