Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Турникке күнде тартылса не болады?

alashainasy.kz

Турникке күнде тартылса не болады?

Турникке тартылу - арқа бұлшықетін дамытуда мықты және белден жоғары дене бітімі үшін ең нәтижелі жаттығудың бір түрі. Тартылудың да түрі көп, мәселен, арасын тарлау ұстап тартылсаңыз ол бицепске, ал кең алып тартылу арқаны кеңейтіп тұратын жауырын асты бұлшықетті шынықтырады, - деп жазды kaz.vesti.kz. Тартылған кезде қай бұлшықеттер іске қосылады Турникте үнемі жаттығу қолыңызды мықты етіп, ал арқаңызды V пішінді етеді. Алайда бұл жаттығу енді бастап жатқандар үшін ауырлау болады. Жаттығуды орындау техникасыҚолдарыңызды иықтың кеңдігінде ұстау керек.Тартылар бұрын жаурынды күшейтіп сәл төмен түсіресіз. Кеудені алға береміз.Демді шығара отырып, кеудеңізді турникке қарай тартасыз.Қолдың бұлшықетін де жаттықтыру үшін турникті мықтап қысыңыз.Тартылған кезде шынтақ екі жаққа кетіп, жауырынды бір біріне қысасыз.Демді алғанда төмен түсесіз. Турникке күнде тартылса не болады?Бұл жаттығу нәтижелі болғандықтан кей адамдар күнде істесем тезірек бұлшықет өсіремін деп ойлайды. Алайда бұлай істемеген жөн. Күш арттыру мен бұлшықет өсіру заңдылығы "неғұрлым жиі істесе, соғырлұм жақсы" деген қағидатқа мүлде қайшы. Артық жаттығу иммунитетті төмендетіп, депрессияға ұшыратады, назарыңызды жинақтау нашарлайды, бұлшықеттің жұмыс істеуін төмендетіп, спорттағы көрсеткіштер құлдырайды. Күнде тартылу жаттығуды - өзіңе челендж ретінде, ары кетсе бір ай жасауға болады. Одан кейін қалыпты жаттығу форматына оралу қажет. Ал ұзақ мерзімді нәтиже үшін бір ғана жаттығу жасай беруге болмайды. Ғалымдар не айтады?Турникке тартылу ауыр жаттығу түріне жатады, өйткені біз өз салмағымызды көтереміз. Ғылыми зерттеулер бір ғана салмақпен жаттығудың нәтижесі төмен екенін дәлелдеген. Бұл үшін арнайы эсперимент де жасалып, оған ауыр жаттығу жасайтын ер адамдар қатысқан. Оның қорытындысы бойынша талып кеткенше істемесеңіз де бұлшықеттің қалпына келуі үшін 24-48 сағат қажет болады екен. Бұл деген күнде тартылсаңыз бұлшықет қалыпқа келіп үлгермейді деген сөз. Тағы бір метасараптама бұлшықеттің өсуіне ең қолайлысы - жаттығуды аптасына екі күн, үш қайталап, жетіден тоғыз ретке дейін жасау керегін көрсеткен. Әрине бұл ұзақ жаттыққан тәжірибелі споршылар емес, жаттыға бастағандарына ұзақ болмағандарға ғана қатысты. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024