Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Australian Open: Елена Рыбакина жұптық ойында жеңіліп қалды

azattyq.org

Australian Open: Елена Рыбакина жұптық ойында жеңіліп қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Анастасия Павлюченкова жұбы Мельбрунде өтіп жатқан Australian Open жарысының үшінші кезеңінде жеңіліп қалды. Рыбакина мен Павлюченкова жұптары жапондық Уко Аояма мен Эна Шибахарамен кездесіп, 2:6, 6:7 есебімен қарсыластарына жол берген.Содан бір күн бұрын Рыбакина жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы, жарыс фавориті Ига Швентекті (Польша) жеңіп, ширек финалға шыққан.Рыбакина былтыр Лондонда өткен Wimbledon жарысында жеңімпаз атанған. Ол – Grand Slam жарыстарында жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші.Рыбакина – Ресейде туылған, 2018 жылы Қазақстанка көшіп келген. Сол жылы маусымда Қазақстан теннис федерациясының шақыртуымен (федерацияны қазақстандық миллионер Болат Өтемұратов басқарады) Қазақстан азаматтығын алған.Australian Open, Wimbledon, Парижде өтетін Roland Garros және Нью-Йоркте болатын US Open турнирлері теннистен қаржылық сыйақысы көп беделді Grand Slam жарыстарының қатарына енеді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025