"Реал" Испания кубогінің жартылай финалына шықты
 
            Мадридтік "Реал" Испания кубогінің жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 1/4 финал матчінде "Реал" өз алаңында мадридтік өзге клуб "Атлетиконы" 3:1 есебімен ұтты. Алаң қонақтары сапынан Альваро Мората 19-минутта ойын есебін ашты. "Реал" негізгі уақытта есепті теңестірді, гол авторы Родриго 79-минут. 104-минутта Карим Бензема командасын есепте алға шығарды. Ал 120-минутта Винисиус Жуниор матч есебіне нүкте қойды. 99-минуттан бастап "Атлетико" азшылықта қалды, Стефан Савич алаңнан қуылған болатын. Айта кетейік, "Реал" 2018/19 маусымынан бері Испания кубогінің 1/2 кезеңіне алғаш рет жетіп отыр. Ал кубоктің өзін соңғы рет 2013/14 маусымында иеленген. Тектес:
- Соңғы
- Қазан, 30
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 29
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 28
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 27
- 
                    
- 
                    
- Қазан, 22
- 
                    
- 
                    
- 
                    
- 
                    
                  
                    Басқа жаңалықтар                  
                
                          Күнделікті жаңалықтар
                Бүгін,
31 қазан 2025
              31 қазан 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
          
            Басқа жаңалықтар          
        
           
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                     
                    