ПСЖ жеңісті қолдан шығарып алды

"Пари Сен-Жермен" футболдан Франция чемпионатының 20-турында "Реймсті" ұта алмады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Париждегі "Парк-де-Пренс" стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 51-минутта Неймар гол салды. Алаң қонақтары 90+6-минутта Фоларин Балогун арқасында есепті теңестірді. Алайда бұл уақытта париждіктер азшылықта ойнаған еді, Марко Верратти 59-минутта алаңнан қуылды. ПСЖ тең ойынға қарамастан, 48 ұпаймен турнир кестесінде көш басында қалды, екінші орындағы "Ланспен" (45) айырмашылық үш балл. "Реймс" 26 ұпаймен 11-орында. 1 ақпандағы келесі турда "Реймс" өз алаңында "Лорьянмен", ал ПСЖ сырт алаңда "Монпелье" командасымен ойнайды.
- Соңғы
- Танымал
- Қыркүйек, 15
-
-
-
-
- Қыркүйек, 12
-
-
-
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
16 қыркүйек 2025
16 қыркүйек 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар