Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Карьерасы бітті. Оңбай таяқ жеп жатқан "Соңғы императорды" төреші құтқарып қалды

alashainasy.kz

Карьерасы бітті. Оңбай таяқ жеп жатқан Соңғы императорды төреші құтқарып қалды

АҚШ-тың Инглвуд қаласында Bellator 290 турнирі өтті. Бұл кештің басты оқиғасы америкалық Райан Бейдер мен "Соңғы имперотор" лақап атымен танымал ресейлік Федор Емельяненко арасындағы қарымта жекпе-жек болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл кездесу бірінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды. Америкалық спортшы Емельяненконың үстіне шығып алып, соққының астына алды. Ал төреші жекпе-жекті тоқтатуды жөн көрді. Осылайша, Бейдер чемпиондығын қорғап қалды, ал Емельяненко жекпе-жектен кейін бірден карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Еске салайық, споршылар арасындағы бірінші айқас 2019 жылы өтіп, америкалық файтер әйгілі Емельяненконы 35 секундта нокаутқа түсірген еді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024