Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Қазақстандық МакГрегор" Қуат Хамитовті жеңген экс чемпионмен қайда айқасатыны белгілі

alashainasy.kz

Қазақстандық МакГрегор Қуат Хамитовті жеңген экс чемпионмен қайда айқасатыны белгілі

Naiza лигасында өнер көрсететін қазақстандық файтер Фаниль Рафиков (21-6) келесі жекпе-жегін қайда өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.ru. "Қазақстандық МакГрегор" лақап атымен белгілі Рафиковтың қарсыласы әзірбайжандық Нариман Аббасов (28-4). Бұл кездесу 18 наурыздағы Naiza 50 турнирі аясында "Жекпе-жек" спорт кешенінде болады. Бұл турирдің басты айқасы. Еске салайық, Рафиков Naiza чемпионы болған. Ал кейінгі жекпе-жегінде ол бразилиялық Бонифаций Сильваны 23 секундта нокаутқа түсірген. Аббасов болса AMC Fight Night лигасының экс чемпионы. Нариман 2019 жылы қазақстандық Қуат Хамитовті жеңіп, AMC титулын иеленген болатын. Кейін әзірбайжандық спортшы Dana White Contender Series турнирінде UFC-де өнер көрсету мүмкіндігі үшін айқасқан, алайда Исмаэль Бонфимге есе жіберді. kaz.vesti.kz
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024