Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бәрі күтіп еді": Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада чемпионы Джалоловқа қарсы жекпе-жекке шықпай қойды

kaz.caravan.kz

Бәрі күтіп еді: Қамшыбек Қоңқабаев Олимпиада чемпионы Джалоловқа қарсы жекпе-жекке шықпай қойды

Болгария астанасында өтіп жатқан Старндажа кубогінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жегіне шықпады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz -ке сілтеме жасап. 92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қамшыбек турнирдің ширек финалында ескі қарсыласы өзбекстандық Баходир Джалоловпен айқасу керек болған. Қазақ боксшының жекпе-жектен неге бас тартқаны белгісіз. Бұл боксшылардың айқасы 2020 жылғы Олимпиада финалының сәні болады деп күтілген, алайда ол кезде Қоңқабаев финалға жете алмады, ал Джалолов Олимпиада чемпионы атанған еді. Екі боксшы да кәсіпқойда өнер көрсетіп жүр. Осылайша, Джалолов автоматты түрде жартылай финалға өтіп отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 тамыз 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар