Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЧЛ: «Милан» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

alashainasy.kz

ЧЛ: «Милан» мен «Бавария» жарысты жалғастырады

UEFA Чемпиондар лигасы 1/8 финалында өткен түні қарымта тағы екі ойын өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап. Англияның «Тоттенхэм Хотспурс» командасы өз алаңында Италияның «Милан» командасымен шеберлік байқасты. Жарыстың аталған сатысындағы алғашқы кездесуде «Милан» 1:0 есебімен басым түскен еді. Бұл ойында командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді. Қос ойынның нәтижесімен «Милан» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, Германияның «Бавария» командасы өз алаңында Францияның «Пари Сен-Жермен» клубын қабылдады. 1/8 финалындағы алғашқы кездесуде «Бавария» аталған қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктірді. Бұл жолы олар қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға шықты. Енді 14 наурызда «Порту» (Португалия) мен «Интер» (Италия), «Манчестер Сити» (Англия) мен «РБ Лейпциг» (Германия), 15 наурызда «Наполи» (Италия) мен «Айнтрахт» (Германия), «Реал Мадрид» (Испания) мен «Ливерпуль» (Англия) ойнайды. Еске салсақ, бұдан бұрын «Бенфика» мен «Челси» ширек финалға шықты.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024