Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда абсолютті чемпион атанды

ktk.kz

14 жасар қазақстандық теннисші Үндістанда абсолютті чемпион атанды

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Муккам Ерматов баптайтын 14 жасар қазақстандық спортшы Үндістанда теңдессіз өнер көрсетті. Астанадағы ұлттық теннис орталығының түлегі жекелей сында финалда үндістандық спортшыны ұтты. Бірінші партия 6:2 есебімен аяқталса, екіншісінде қарсыласы бәсекені жалғастырудан бас тартты. Гогулина финалға дейін 7 ойында жергілікті теннисшілерді, соның ішінде доданың бірінші ракеткасын тізе бүктірді. Жұптық сында соңғы бәсекеде тек қазақстандық теннисшілер бас жүлдені сарапқа салды. Ариана Альбина Кәкеновамен бірге Сәтима Төреген - Анастасия Крымковадан айласын асырды – 6:1, 6:2. Осылайша, Ариана ITF Juniors жарысында алғашқы қос табысына қол жеткізді. Дереккөз: ҚазАқпарат Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024