20 жастағы қазақстандық пен ресейлік Мауглидің айқасы нокаутпен бітті

Ресейдің Самара қаласындағы "МТЛ" аренасында Open Fighting Championship және Rave Promotion ұйымдастырған ММА-ден халықаралық турнир өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Турнир аясында 20 жастағы қазақстандық Малик Какаев (2-2) өзімен түйдей құрдас ресейлік Сергей Шишкинмен (2-0) жұдырықтасты. Жекпе-жек аса жеңіл салмақта өтті. Үш раундқа есептелген айқас екіншісінде аяқталды. Мауглия лақап атты ресейлік спортшы қарсыласын нокаутқа түсірді. Екі файтер де жекпе-жек кезінде ережелерді өрескел бұзып жұдырықтасқанын айта кетейік.
- Соңғы
- Танымал
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар