Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шықты

inform.kz

Әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің финалына шықты

Қазақстанның маңдайалды теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші ұтқан еді. Бұдан екі ай бұрын Е.Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында әлемнің 1-ракеткасын 6:4, 6:4 есебімен жеңген. Бұл жолы бірінші партияда Елена брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:3. Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Содан кейін есеп 5:1 болып, өзі доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады. Дегенмен матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті. Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдыллықпен ұтқан Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Индиан-Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті. Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады. А.Соболенко жартылай финалда әлемнің 7-ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді жолдан тайдырды – 6:2, 6:3. Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында А.Соболенко Е.Рыбакинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Соның есесін Елена қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен кездесетіні хабарланды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 мамыр 2025