Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жанқош Тұраровтың Алматыдағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе жегі тікелей эфирде көрсетіледі

ktk.kz

Жанқош Тұраровтың Алматыдағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе жегі тікелей эфирде көрсетіледі

Тұраров жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық атағы үшін мексикалық Алехандро Менесеспен (16-5, 9 КО) жұдырықтасады. Қазір бұл белбеу мексикалық боксшыға тиесілі. Барлығы он екі жекпе-жек жоспарланған. «Хабар» телеарнасының тікелей көрсетілімі Астана уақытымен 20:00-де басталады. Жанқош Тұраров бұған дейінгі жекпе-жегін қараша айында Алматыда өткізіп, венесуэлалық боксшы Луис Энрике Ромероны (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақтағы IBO Inter-Continental тұжырымы бойынша бос тұрған чемпион атағын жеңіп алған болатын. Алехандро Менесеске келетін болсақ, ол өткен сәуірде британдық Сэм Максвеллмен (17-1, 11 КО) жұдырықтасып, оны тоғызыншы раундта нокаутқа жіберген. Максвелл үшін бұл жеңіліс оның кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңіліс болды және дәл сол жекпе-жекте Менесес IBO әлем чемпионы атанды. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024