Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Футбол: Ұлттық құраманың ертеңгі матчына байланысты қосымша автобустар шығарылады

alashainasy.kz

Футбол: Ұлттық құраманың ертеңгі матчына байланысты қосымша автобустар шығарылады

26 наурызда «Астана-Арена» стадионында Қазақстан мен Данияның футбол құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін матчтан соң қосымша №10, 12, 26, 28, 37, 40, 51, 53, 60, 303 қалалық және қала маңы бағдарлары ұйымдастырылады.

Автобустар жанкүйерлерді матчтан кейін аялдамаларда күтеді. Матчтың басталуы – сағат 19:00. Жол ақысы – 90 теңге, төлем көлік картасымен немесе QR-код сканерлеу арқылы іске асады. Жеңілдігі бар көлік карталары да жарамды», - деп жазылған «City Transportation Systems» ЖШС телеграм арнасында.

Еске салайық, ертең Астанада футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысы аясында Қазақстан - Дания матчы өтеді. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойында сербиялық Новак Симович бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Никола Джорович пен Милош Симович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де – сербиялық Лазар Лукич.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
29 наурыз 2024